Жаңалықтар


Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейінгі кезеңде жүргізіледі. 2025-2026 оқу жылына баланы қабылдау үшін құжаттарды қабылдау egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүргізіледі. Жүйеде тіркелу үшін ЭЦҚ кілті болуы қажет. Биыл 1 қыркүйекте 6 жасқа толған немесе күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа барады.
Жалпы білім беретін мектепке түсу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
- ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
- баланың егу картасы, № 065у нысаны;
- "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысаны;
- 3х4 см өлшемдегі баланың сандық фотосуреті (2 дана);
- ПМПК-ның (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін) қажеттілік бойынша қорытындысы.
Ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігі, құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуі немесе сыныптардың толып кетуі қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.
2025 жылғы 18 наурызы кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша № 30 ЖББМ 9-сынып оқушылары «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК-да болды. Экскурсия және студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Сонымен қатар, сәулет бөлімінде болды. «Сәулет» аудиториясында олар немен жұмыс істеп жатқанын, жаңа, қызықты, жаңа технологиялар бойынша жобалар мен дизайнерлік безендірулерді көрсетті. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.




📚14 ақпаны бірінші сынып оқушыларының қосымша демалысы кезінде «Ертегілер еліне саяхат» атты жарқын және қызықты іс-шара өтті. Бұл күні балалар алғаш рет мектеп кітапханасына барып, кітапхана қорымен, кітапхана ресурстарын пайдалану ережелерімен танысты.
Кітапхананы аралаудың соңғы кезеңі «Таза жүректен кітап сыйла» қайырымдылық акциясына қатысу болды. Бірінші сынып оқушылары мектеп кітапханасының қорын өз кітаптарымен толықтырды.
Одан кейін балалар ертегілер туралы өз білімдерін көрсетіп, жұмбақтарды анықтап, пазл жинап, ертегілердегі «жоғалған» заттарды атай отырып, қызықты ойын бағдарламасын тамашалады.
Іс-шара қызықты әрі көңілді өтті.
Соңында балалар тәтті-дәмділер алып, жақсы көңіл-күймен үйлеріне кетті.
📚Кітап оқу стильді!
Оқу сәнді!
Барлық жерде оқыңыз-еркін түрде оқыңыз!



14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні
2025 жылғы 12 мен 20 ақпан аралығында акцияға белсенді қатысуға шақырады.
Егерде Сізде өзіңіз оқып болған кітабыңыз болса, оның жағдайы жақсы болса – Кітапханаға кітапты ризашылықпен сыйла.
(2021 жылы бастылып шыққан жаңа кітап қабылданады)
Сіздің кітабыңыз барлығын қуантады.


2025 жылғы 04 ақпаны №30 ЖББМ 9 сынып оқушылары «Allur» қазақстанның ең ірі автоөндірушісі "СарыарқаАвтоПром" ЖШС кәсіби бағдарлау бойынша экскурсияға барды. Экскурсия танымдық, қызықты болды.

2025 жылғы 24 қаңтары № 30 ЖББМ-де Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушыларымен 9 сыныптың кездесуі өтті. Оқу орнында сұранысқа ие мамандықтар мен оқуға түсу шарттары туралы айтып берді. Мұндай кездесулер оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі.


