1 сыныпқа қабылдау.
Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейінгі кезеңде жүргізіледі. 2025-2026 оқу жылына баланы қабылдау үшін құжаттарды қабылдау egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүргізіледі. Жүйеде тіркелу үшін ЭЦҚ кілті болуы қажет. Биыл 1 қыркүйекте 6 жасқа толған немесе күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа барады.
Жалпы білім беретін мектепке түсу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
- ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
- баланың егу картасы, № 065у нысаны;
- "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысаны;
- 3х4 см өлшемдегі баланың сандық фотосуреті (2 дана);
- ПМПК-ның (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін) қажеттілік бойынша қорытындысы.
Ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігі, құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуі немесе сыныптардың толып кетуі қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.