11-15 маусым аралығында мектеп жанындағы лагерьдің 6-шы маусымы ұйымдастырылды. Күн сайын балалар белсенді және қуана баратын қызықты ойын алаңдары болды. Әсіресе, балаларды киноға бару, Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада шеберлік сыныбы және өлкетану мұражайына бару тамашалады.

 

 

27.06-Жақсылық жасайық
Апта тақырыбы "ізгілік"атауына тікелей қатысты болғандықтан,оқушылармен түрлі бояулар жарысы,ойындар және би,ән жарыстары өтті. Оқушылар аса қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындады. Балалардың жақсылыққа,ізгілікке,жанашырлыққа орындаған жұмыстары жүрегімізге үлкен жылулық береді.

29.07-Квест ойын
Оқушылар қызықты тапсырмалар орындады,атап айтқанда би жарысы,ән жарысы,суреттерден коллаж құрастыру,қағаз қиындыларымен суретті әрлеу,сөзжұмбақ,пазл. Бағыт арқылы оқушылар ұйымшылдықты,татулықты сақтап,өзара қарым-қатынасқа түсті. Ойынның нәтижесінде оқушылар барлық тапсырманы толық орындады және тәттілерге ие болды.