Кәсіптік бағдар беру жұмысы!
Облыстық «Инженерлік академия» жобасы аясында № 30 жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушылары А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ-де өткен «Инженер Fest» -те болды. Балаларға университет бойынша экскурсия өте ұнады: түрлі зертханалар, сабақ кабинеттері, шеберханалар, акт залы. Іс-шараға қатысушылар ҰБТ-ға және түрлі байқауларға дайындалуға көмектесетін қызықты бағдарламаларға бірден жазыла алды. Инженерлік Академия шығармашылық ойлау мен инженерлік міндеттерді шешу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектеп оқушыларының инженерлік ғылымдарға қызығушылығын арттыруға ықпал ететін болады. Ал инженерлік мектептің басты мақсаттарының бірі кәсіби бағдарлау және инженерлік мамандықтар мен оқу орындарын таңдау үшін талантты оқушыларды тарту болып табылады. «Біз инженерлер, конструкторлар, агрономдар мен бағдарламашылардың ұлтына айналуымыз керек», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
\
\
\
\
\