2024 жылдың 01 ақпаны «№ЖББМ» КММ 9 сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында «Ашық есік» күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінде болды. Кәсіптік бағдарлау жұмысы барысында колледждің 8 мамандығы туралы толық ақпарат беріліп, олар бойынша шеберлік сыныптары өткізілді. Оқушыларға мамандықтар бойынша аудиториядан өту мүмкіндігі туды. Балалар қызығушылық танытып, іс-шарадан оң әсер алды.