Құқық қорғау қызметі – құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380 – ІV заңына сәйкес «Құқық қорғау қызметі туралы» білім беру ұйымдарына оқуға құқық қорғау органдарының 16 жасқа толған, орта білімі бар тұлғалар кіре алады.
Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы (әрі қарай – АҚА) факультетіне күндізгі оқу бөліміне үміткерлерді тарту мақсатында жыл сайын қаладағы оқу орындарының оқушылары арасында үгіт-нәсихаттау іс-шаралары жүргізіледі. Осыған байланысты, 2024-2025 жылғы оқу жылына АҚА-ға түсу үшін кәсіби-бағдар беру жұмыстарына дайындық шеңберінде үміткерлерді тартуға, үгіт-нәсихаттау парақшалармен брошюлалар орналастырады.